Бүгін - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні! Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған қасиетті нышандарымызды ұлықтайтын ерекше күн. Биыл Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 34 жыл толып отыр. 1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз еліміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітіліп, жас мемлекеттің айшықты келбеті қалыптасты.