Максуд Тагиров: Қазақ халқына алғысымыз шексіз!

Күрд ұлтының Қазақстанға қоныс аудары үш кезеңге бөлінеді: қазақ жеріне күрдтердің алғашқы легі 1937 жылы Әзербайжаннан; екінші топ 1944 жылы Грузиядан, ал үшінші топ 1989-1990 жылдары Әзербайжан мен Армениядан қоныс аударды. Бүгінде Қазақстанда 70 мыңнан астам күрд өкілі өмір сүреді.

Елімізде 130 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда күрдтер 80 жылдан астам уақыт тұрады. Қазір республикада 70 мыңнан астам күрдтер бар. Қазақстан халық ассамблеясы жанында «Қазақстан күрдтері барбақ» ассоциациясының жұмысы бар. Ассоциация әр уақытта күрд тілінің, күрд мәдениетінің, күрд халқының басқа ұлттармен байланыстарын дәріптейді.