COP28. Ғаламдық қарекет

Қазақстан метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға қатысты шешім қабылдады. Мұны Дубайда өткен климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Алқалы жиында қазақ Президенті тараптарды жаңа энергетикалық бастамаларымызға қолдау көрсетуге әрі Арал теңізін құтқару қорына көбірек қаржы бөлуге шақырған еді.