Дархан Өте: Қазіргі ұрпақ – санасуды талап ететін, мотивациясы болмаса, іске кіріспейтін ұрпақ
Дархан Өте – «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті. Ол «Шәкірт тәрбиелейтін тұлғаның өзі ізденімпаз, еңбекқор бола білуі тиіс» деген ұстанымға берік. Дархан Өте басқаратын қор мамандары жаратылыстанудың бес пәнін жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкестендіріп, ағылшын тілінде жазып шықты. Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобаның бірі.
Сонымен қатар бұл жерде «Құндылықтарға негізделген мектеп» деген атаумен әдістеме дайындалды. Бүгінгі бағдарламаға өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оларға заманауи білім беру тақырыбын арқау етіп алдық.
Білім берудің қазіргі заманғы трендттері қандай? Құндылыққа негізделген оқытудың артықшылығы неде? «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өтемен сұхбат.