Дастан Кадыржанов. «Жаны жайсаң, мейірімді жігіт туралы әңгіме» атты роман-верлибр
Дастан Қадыржанов. Тарихшы, саясатшы, шығыстанушы, көптеген мәселелерді жетік білетін сарапшы әрі білікті маман. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институтын бітірген тарихшы-шығыстанушы. Кәсіби дипломат, тіпті бірінші хатшы деңгейіндегі дипломатиялық дәрежесі бар.
Қадыржанов Сыртқы істер министрлігіндегі жұмысынан кейін, жеке бизнеспен айналыса бастайды, «Дала ТВ» телекомпаниясын құрады. 1996 жылы «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясын басқарады. Одан кейін «Хабар» Агенттігінің қаржы жөніндегі директоры және бас продюсері қызметін атқарады.
Өлеңмен жазылған романдар қандай болады? Бұл жанр Қазақстанда кеңінен таныла алды ма? Және адамзаттың бүкіл тарихы – Дастан Қадыржановтың екі томдық кітабына қалай сиып кетті? Бұл сұрақтардың жауабын Book club бағдарламасының жаңа шығарылымынан таба аласыз.