Дастан Оразбеков: «Орда» тобы әлі де сахнаға шығады

Дастан Оразбеков: «Орда» тобы әлі де сахнаға шығады

«Дәмді life» бағдарламасының кезекті санында танымал әнші, биші, жүргізуші, актер және «Орда» тобының белді солисті Дастан Оразбеков қонақта!

Бұл жолы ол шеф-аспаз және бағдарлама жүргізушісімен бірге авокадо қосылған салат пен қуырылған картоп және тауық дайындап, өз аспаздық шеберлігін көрсетеді.

Сондай-ақ, әншімен сұхбатта: «Орда» тобы әлі де сахнаға шыға ма, жеке шығармашылығында қандай жаңалықтар бар, спортқа қалай келген – барлығын осы шығарылымнан біле аласыз!