ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытын болжады

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытын болжады

Жаһанды жайлаған пандемия жақын арада аяқталмайды. Бұл туралы ДДСҰ-ның басшысы мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесус вирустың әлі күнге дейін адам өміріне өте қауіпті екенін ескертіп отыр. Бүгінгі таңда эпидемия басталғалы әлемде 6 млн-нан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды.

Тедрос Аданом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Қауіпті вирус өте жылдам тарауда. Әлі күнге дейін вакцинаның жетіспеушілігі, тесттің тапшылығы мен емдеу тәсілінде көптеген қиыншылық бар. ДДСҰ бірнеше елде жаппай тестілеу шарасының қысқарып қалуына алаңдайды. Осының салдарынан індеттің қай мемлекетте ушығып тұрғанын білу мүмкін емес. Тестілеу шарасы пандемиямен күресте маңызды роль атқаратынын түсінуіміз керек.