Дербестік декларациядан басталады
1990 жыл, 25 қазан. Егемендік туралы декларацияны қабылдаған күн. Ата заңымыз бен Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған осы тарихи құжат жайында ел не біледі?
Осыдан тура 34 жыл бұрын тарихи әділеттілік орнады. Егемендік туралы декларация қабылданып, елдігіміздің тұғырын тіктеп берді. Осы бір тарихи дата туралы қазіргілер не біледі? Біз тұрғындардың декларация жайлы таным-түсінігін анықтау үшін бірқатар сұрақ әзірледік. Ал, дұрыс жауап берген азаматтарға арнайы дәл осындай сыйлығымыз да бар.