Дмитрий Баландин: Бала кезімде тіс дәрігері болуды армандадым
Дмитрий Баландин – қазақстандық жүзуші, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан спорт тарихындағы тұңғыш және жалғыз олимпиада чемпионы.
2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтықта брас әдісімен жүзуден алтын медальды жеңіп алды. Сол олимпиадада жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин елбасы Н. Назарбаев II дәрежелі Барыс орденын табыстаған.
Жүзушіге ең қиыны – таңғы сағат 7-де тұрып, мұздай суға секіру. Бұл күнделікті істеуге тура келетін ең қиын әрекеттердің бірі, дейді спортшы. Дмитрийдің жеңіске жетуге дейін қандай сындардан, жаттығулар мен кедергілерден өтті? Бұл туралы бағдарламада айтқан әңгімесінен тыңдай аласыздар.