Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық қызды
V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға
бас-аяғы 8 млрд теңге бөлінеді. Оның 3 млрд-қа жуығын демеушілер көтереді.
Бүгін V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясы дода
демеушілерімен меморандумға қол қойды. Осы келісім бойынша енді спортшылардың
келіп-кетуі, жатар орны мен тамақтануы меценаттардың мойнында. Осы мақсатта арнайы қор ашқан компаниялар да
бар. айта кетейік, бәсі биік додаға әлемнің 100 елінен 3 мыңға жуық спортшы
қатысады. Бүгінде 90 мемлекеттің құрамалары тіркеліп үлгерген.

