Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа жоба

Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа жоба

Алматы ауасын тазартудың жаңа кезеңі қолға алынбақ. Яғни, енді шаһарда алғаш рет автокөліктердің экокласына қарай бақылау күшейтіліп, ескі көліктерге шектеу енгізілмек. Қазір арнайы экологиялық талаптар жобасы пысықталып жатыр. 2026 жылы күшіне енуі тиіс.

Алматының аспаны көк түтінге малынып тұратыны бүгінде үреншікті жағдайға айналған. Жылына 189 мың тонна зиянды шығарындылар ауаға тараса, соның 60 пайызы - автокөліктерден келеді екен. Әсіресе, ескі машиналардың шығып жатқан шаң-тозаң жетіп артылады. 

Айдана Касен, «Eco Almaty» серіктестігінің Атмосфералық ауаны қорғау департаментінің басшысы:

- Бұл жерде автокөлікті қадағалауға арналған арнайы талаптар бар. Яғни бұрын автокөліктердің шығарындылары нормаланбаса қазір осы қағидалар бойынша автокөл талаптар қоямыз. Одан бөлек стационарлық обьктілерді тексереміз база енгізіп соған қадағалау күшейтілетін болады. Қағида бойынша экологиялық кодексте қарастырылмаған ережелерді бекітетін боламыз.

Ресми деректерге сәйкес, күн сайын Алматыға қала сыртынан 250 мыңға жуық автокөлік кіреді. Бұл кептеліс, ауа ластануы және автотұрақ тапшылығына әкеліп соғады. Мәселені шешу үшін билік экологиялық стандарттарға сай емес көліктер үшін қалаға кіруді ақылы етуді ұсынып отыр.

Ерлан Бұзырбаев, Заңгер, жұмыс тобы мүшесі:

- Жаңа ережелерді Әділет министрлігімен келісу процесі жүріп жатыр, кейбір түзетулер енгізілуде. Кейбір қызметтер үшін төлем алу мәселесі заңдар арқылы қарастырылатын болады, оның үшін бөлек түзетулер енгіземіз. Ал қазіргі ережелер бойынша нормативке сай келмейтін шығарындылары бар көліктің ішкі аймаққа кіруіне тыйым салынады.

Талаптар орындалса, қала атмосферасының картасы жасалып, әр ауданның ластануы онлайн көрінеді. Бұл шешім қабылдауды жеделдетіп, жауапты органдардың жұмысын айқын көрсетеді. Мамандар бойынша, қағида бекітілсе, кешенді шаралар Алматы ауасын 2- 3 жылда айтарлықтай жақсартады.