Елде қылмыс деректері азайды

Елде қылмыс деректері азайды

Елімізде кейінгі жылдары қылмыс азайды. Әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық деректерінің саны айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Президент қабылдауында Ішкі істер министрі айтты. Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай туралы баяндады. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстады. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі айналымына қарсы күрес те белсенді жүргізіліп жатыр. Былтыр 64 зертхана жойылды. Тиым салынған заттарды таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.