Елдегі орташа зейнетақы қанша?

Елдегі орташа зейнетақы қанша?

Елде орташа зейнетақы 143 мың теңгеден жоғары. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бұл. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 700 теңге болса, базалық зейнетақы – 47 400 теңге. Жалпы, Қазақстанда 2 млн 445 мың зейнеткер бар. Оларға жыл басынан бері бюджеттен 346 млрд теңге төленген. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап базалық зейнетақы көлемі 6,5%-ға, ынтымақты төлемі 8,5%-ға өсті.