eLicense порталында 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

eLicense порталында 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

Автоматтандыру және оңтайландыру. Енді eLicense порталында 9 бірдей мемлекеттік қызметті автоматты режимде алуға болады. Олардың қатарында құрылыс жобаларына кешенді сараптама жүргізуге рұқсат бар. Ұлттық ақпараттық технологиялар қызметті барынша жеңілдетуге тырысқан. Сараптамалық қызмет онлайн форматта ұсынылады. Сонымен қатар енді нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбауға болады.

Айта кетейік, бизнеске арналған барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Арай Оразова, Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы төрағасының орынбасары:

- Бұл Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды. Мысалы, егер бұл қызмет түрін алу үшін 30 күн көрсетілсе, қазір e-License порталы арқылы бірнеше минут ішінде онлайн-өтінімді толтырып, оған электронды қолтаңбамен қол қою арқылы алуға болады.

Авторы: Ақзер Сегізбай