Елімізде креативті индустрия қалай дамуда ?

Ол мектеп бітірген соң, Англияға барып фармацевтиканы оқып келді. Бірақ, Отанға оралған соң мамандығын мүлде басқа бағытқа ауыстырды.

Оны қазақстандықтар алдымен вайндар арқылы таныды. Кейін ол дижитл-продюсерлікке бет бұрды.

Оның кәсіби командасы дайындаған интернет-жобалар Азия елдерінің көрермендеріне де жақсы таныс. Олардың өнімдері арқылы әлемдік ірі компаниялар да жарнама жасайды.

Олар Қазақстанда алғашқылардың бірі боп стримингтік платформаларға сериалдар түсірді.

Қазақстандық контентті шетелге экспорттау, еліміздегі креативті индустрияның даму жолдары жайында JKS Entertainment компаниясының негізін қалаушы, медиатренер Бексұлтан Қазыбекпен ЕРКІН СҰХБАТ.