Еліміздің бас қаласында карантин қайта күшейтіледі

Нұр-Сұлтан қаласында карантин шаралары күшейтіледі. Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгертіледі. Енді аталған нысандар сағат таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Аумағында вакциналау пунктерінің болғанына қарамастан, сауда-ойын сауық орталықтарының барлығы демалыс күндері жабық болады. Тек дәріханалар мен супермаркеттерге ғана жұмыс істеуге рұқсат. Фудкорттар тағам жеткізу үшін ғана қызмет етпек.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қосылған тамақтану орындарына жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Дәмханалар мен мейрамханалар енді күнделікті сағат кешкі 8:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат түнгі 22:00-ге дейін қонақ қабылдай алады. Ұжымдық және мерекелік шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Адам көп жүретін уақытта автобустар саны ұлғайтылмақ, ал жексенбіде қоғамдық көлік желіге шықпайды. Мемлекеттік ұйымдар, ұлттық компаниялар мен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар қызметкерлерінің кем дегенде 80% қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Егер жұмыскерлері вакциналаудан өтсе, аталған талапты орындау міндеттелмейді.