Ең дәмді борщ. Украин тағамдары

Сорочинск жәрмеңкесі туралы естіп па едіңіз? Бұл – украин халқының мерекесі. «Халықтар дәм-тұзы» жобасының кезекті шығарылымда сол думанның куәсі боласыздар. Ең бастысы аталмыш мереке Қазақстанда тұңғыш рет Орал қаласында тойланған. Қандай да бір мереке болмасын украин халқы міндетті түрде қарақұмық және бидай ұнынан жасалған құймақ дайындайды. Украин халқының асханасы жайында сөз қозғайтын болсақ, бұл үш түрлі құрамнан тұрады. Шошқа еті, тұздалған көкөніс және нан өнімдері. Борщтың ең дәмді түрін де осы украин халқы дайындайды.