Ең төменгі жалақы халықаралық талапқа сай бекітіледі
Енді Қазақстанда ең төменгі
жалақы халықаралық стандартқа сай бекітіледі. Бүгін мәжіліс Халықаралық еңбек
ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялады. Оған сәйкес, бұдан былай еңбекақы
мөлшерін Үкімет қана емес, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен
бірлесіп айқындайтын болады. Жаңа талаптарға сәйкес ең төменгі жалақыны
белгілеуде елдің экономикалық жағдайы, қарапайым адамның күнделікті
қажеттіліктері есепке алынуы тиіс. Сонымен бірге, инфляцияға қарай да қайта
қаралып отыруы шарт. Бүгінде Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың
теңге.

