ЕО маймыл шешегіне қарсы 110 000 вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойды

ЕО маймыл шешегіне қарсы 110 000 вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойды

Еуропалық Одақ маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 110 000 дозасын сатып алуға ниетті. Бұл туралы Одақтың денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Стелла Кириакидес хабарлады. Оның айтуынша, препараттың алғашқы партиялары маусым айының соңы-шілденің басында жеткізіле бастайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, маймыл шешегі Еуроодақтың 19 елінде тіркелген. Оларда вирус жұқтырудың 900-ге жуық жағдайы анықталып отыр.