Қазақстан коронавирустың бесінші толқынынан өтті
Қазақстан небәрі бір айдың ішінде коронавирустың бесінші толқынынан өтті. Оған ұжымдық иммунитет арқылы қол жеткізілді. Бұл пікірді ел Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Оның сөзінше, көптеген елде бұл сынақтан өту үшін кемінде үш ай кеткен. Сондай-ақ вакциналаудың жоғары көрсеткіші омикрон штамының қиын кезеңінен ауыр зардапсыз өтуге мүмкіндік берді.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Бізде өзіміздің вакцинаның болғаны көптеген елді таңғалдырды. Вакцинасы бар барлығы алты елдің бесіншісі біз болдық. Осындай үлкен нәтижеге қол жеткізген ғалымдарымызға алғыс айтқым келеді. Вакцина 86% тиімді. Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Оны ревакциналау үшін де қолданамыз. Сонда да еркінсінуге әлі ерте. Бүгінгі таңда 35 елде ауыру бойынша өсім бар екенін ескеру қажет.