Ақтөбе облысы: Үш ауылда медициналық орталық ашылды

Ақтөбе облысы: Үш ауылда медициналық орталық ашылды

Ақтөбе облысының үш бірдей  ауылында заманауи медициналық пункт ашылды. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Қазір онда білікті дәрігерлер науқастарды қабылдауды бастап кетті.

 

Алғын ауданына қарасты Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарының тұрғындары үшін бүгін ерекше күн. Елді мекендерде заман талабына сай жаңартылған медициналық орталықтар есігін айқара ашты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар бұл күнді көптен күткен.