Метапневмовирус адам өміріне қаншалықты қауіпті?

Метапневмовирус адам өміріне қаншалықты қауіпті?

Иә, метапневмовирус жұқпалы вирус. Дәрігерлер оны кәдімгі тымаудың бір түрі дейді. Сондықтан «қорқатын дәнеңе жоқ» дейді ақ қалаттылар. Өйткені аурудың әсері әлсіз. Жалпы, метапневмавирус дегеніміз не?

Адам тұмау жұқтырып, асқындырып алса соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Ал, метапневмавирус өлімге алып бармайды. Алғашқы белгілері тұмауға ұқсағанымен, денсаулыққа әсері төмен. Рас, қазір Қытайда бұл вирус жаппай тарап жатыр. Әсіресе елдің солтүстік бөлігінде, яғни, суық аймақтарда көп тіркелген. Бірақ «Қытайда белгісіз вирус таралды» деген ақпар ресми жарияланып, нақты деректермен расталған жоқ. Өйткені бұл вирустың шыққанына ғасырға жуық уақыт болды. Біздің елде де жыл сайын 40-50 адам жұқтырып тұрады. Қауіпті аурулар тізімінде болмаған соң, жаппай екпе салудың да қажеті жоқ дейді, мамандар.