156 мың 600-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 1124 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 156 521 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 1180 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 172412.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы 20547
Алматы қаласы 20750
Шымкент қаласы 5757
Ақмола облысы 8690
Ақтөбе облысы 3851
Алматы облысы 8459
Атырау облысы 15186
Шығыс Қазақстан облысы 19669
Жамбыл облысы 5342
Батыс Қазақстан облысы 10085
Қарағанды облысы 12991
Қостанай облысы 8878
Қызылорда облысы 3506
Маңғыстау облысы 3922
Павлодар облысы 11014
Солтүстік Қазақстан облысы 9787
Түркістан облысы 3946
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 115, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 925 жетті.