Елордада маска тағу ережелері бекітілді

Елордада маска тағу ережелері бекітілді

Әлем елдері коронавирустың жаңа толқынымен алысып жатыр. Осыған байланысты еліміздің бас шаһарында эпидахуалдың нашарлауына жол бермеу шаралары қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, маска тағу ережелері бекітілді. Атап айтқанда, барлық медициналық ұйымдарда, коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру симптомдары бар немесе ПТР тестінің оң нәтижелері бар адамдарға маска кию міндетті. Сондай-ақ, медициналық маскаларды халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде пайдалануға кеңес беріледі. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жұмыстары жандандырылады.