151 мың 900-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 666 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 151 838 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 835 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 166 146.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы 19646
Алматы қаласы 20111
Шымкент қаласы 5677
Ақмола облысы 8085
Ақтөбе облысы 3784
Алматы облысы 7917
Атырау облысы 14699
Шығыс Қазақстан облысы 19438
Жамбыл облысы 5204
Батыс Қазақстан облысы 9793
Қарағанды облысы 12613
Қостанай облысы 8452
Қызылорда облысы 3472
Маңғыстау облысы 3845
Павлодар облысы 10173
Солтүстік Қазақстан облысы 9400
Түркістан облысы 3837
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 112 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 666, 533 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 321 жетті.