Дәріхана есірткіге ұқсас препарат сатып келген – ІІМ
Дәріханаларда есірткіге ұқсас препараттар еркін
сатылып келіпті. Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы тексеріс нәтижесі
бойынша осындай фактіге қатысты 16 қылмыстық іс қозғалған. Тәркіленген
дәрілердің құрамынан тәуелділік туғызатын 1,5 мың тонна прекурсор табылған.
Сондай-ақ, қауіпті саналатын 500 мыңнан аса препарат айналымнан шығарылған.
Дәріханалар бұл препараттарды ашық, ешбір рецептсіз сатқан. Жауаптылар мұндай бейберекет
сауда қара нарықты күшейтіп, әсіресе жастар арасында қауіпті әдеттердің белең
алуына жол ашатынын айтады. Айта кетейік, тексеріс мыңнан астам медициналық
мекеме мен 300-дей кәсіпорынды қамтыған.

