Алматыда Pfizer вакцинасы ақылы түрде салына бастады
Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға жазылу басталды. Бұл жайында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Басқарма мәліметінше, иммундау мегаполистегі 3 емханада ғана жүргізілетін болады. Екпе салдыруға жазылу ведомствоның ресми сайтында көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен ақылы екпенің басталу уақыты мен бұл процедураның құны әлі жарияланған жоқ.