ДДСҰ маймыл шешегінің таралу қаупіне баға берді

ДДСҰ маймыл шешегінің таралу қаупіне баға берді

Әлемде маймыл шешегінің таралу қаупі орташа деп бағаланады, дегенмен жағдай ушығуы әбден мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Халықаралық ұйым вирустың бірнеше апта немесе одан да ұзақ уақыт бойы анықталмай таралуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың мәліметінше, маймыл шешегі 13 мамырдан бастап 23 елде анықталды. Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі маймыл шешегімен күресу бойынша арнайы нұсқаулықтар шығарды. Құжатта ауру белгілері бар адамдар денесіндегі бөртпелер толығымен жойылмайынша, қарым-қатынасқа түспеу керектігі жазылған. Сондай-ақ аурудың қандай да бір белгілері болған жағдайда науқас физикалық байланыстан бас тарту қажет. Ал ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарға 21 күн бойы оқшаулану ұсынылады.