1 млн ауыл тұрғыны қолжетімді медицинамен қамтылды

1 млн ауыл тұрғыны қолжетімді медицинамен қамтылды

Бұған дейін емдеу мекемесі мүлде болмаған елді мекендерде 175 медициналық нысан салынды. Соның нәтижесінде 174 медицина қызметкері арнайы курстан өтіп, шалғай ауылдарға жіберілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарова «Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы туралы баяндады. Жоба аясында елді мекендерде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемесін ашу жоспарланған. Бүгінде соның 467-сі салынып бітті. Тағы 188 нысанның құрылысы биыл аяқталуы керек. Осылайша 1 млнға жуық ауыл тұрғыны сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді.