«QazVac» халал стандартына сай болып танылды

«QazVac» халал стандартына сай болып танылды

«QazVac» вакцинасы халалдың жалпы талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, «Халал Даму», технологтар, медицина қызметкерлері биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина өндірісінің технологиялық үрдісімен толық танысты. Нәтижесінде препарат жоғары сапалы, сонымен қатар қауіпсіз деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, «QazVac» екпесі «Delta» штамына қарсы тиімді препараттардың қатарында. Ғалымдар отандық вакцинаны қабылдағандар арасында бейтараптандыру реакциясын жүргізіп, нәтижесінде оларда антиденелердің жоғары деңгейі көрсетілді.