COVID-19 тіс пен қызыл иекке әсер етеді

COVID-19 тіс пен қызыл иекке әсер етеді

COVID-19-бен ауырып шыққан науқастар тіс пен ауыз қуысындағы проблемаларға жиі шағымданады. Ресейлік жоғары санатты стоматолог-терапевт Наталья Кадкалованың айтуынша, мұндай науқастар көбіне стоматитке шалдығады. Ал оның емделуі көп уақытты қажет етеді. Тағы бір кездесетін жайт – хирургиялық операциядан кейін қызыл иектің ұзақ уақыт жазылуы. Яғни 5-6 күннің орнына екі апта, кейде одан да көп уақытты қажет етеді. Дәрігер COVID-19-дан кейін ауыз қуысының құрғауы да жиі кездесетінін атап өтті. Сонымен қатар коронавирус сілекей безіне әсер етіп, адамды басқа инфекция түрлеріне осал етеді.