«Гонконг» тұмауы неге қауіпті? Абайлаңыз, қауіпті тұмау тарап жатыр!

«Гонконг» тұмауы неге қауіпті? Абайлаңыз, қауіпті тұмау тарап жатыр!

Гонконг дейтін тұмаудан амансыз ба? Күн салқындап, қара суық келгелі осы бір сұрақ жиі қойылатын болды. Неге «Гонконг» тұмауы? Ол несімен қауіпті? Өйткені бұл – бірнеше вирустың мутацияланған түрі.Әсіресе, ковидтен кейін кез келген жұқпалы аурудың үдейтін формасы қалыптасып кеткені тағы бар. Бұл тұмау балалар арасында асқынып тұр. Ендеше, қауіпті вирустан қалай қорғанамыз? 

 

Абайлаңыз, қауіпті тұмау тарап жатыр! Атын айтудың да өзі ыңғайсыз - ғылыми атауы - Н3N2. Бірақ жұрт арасында Гонконгтан шыққан соң ба, Гонконг тұмауы деп тараған. Мамандар бұл 1968 жылдан бері ортамызда жүрген вирус дейді. Тек қазіргі штаммы өзге вирустармен мутацияланған түрі. Демек, әдеттегіде тұмаудан айтарлықтай айырмашылығы бар. Дерт жедел басталады. Науқастың қызу көтеріліп, тамағын құрғақ жөтел қысады. Аяқ-қол тоңып, бас ла солқылдап ауыруы мүмкін. Дене сырқырайды. Аяғы ауыр әйелдер мен қарт кісі және балалар үшін қауіпті. Әрі тез жұғады.