QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы тиімді

QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы тиімді

QazVac – коронавирустың дельта штамына қарсы тиімді вакцина. Осылай деп елдің Білім және ғылым министрлігінде мәлімделді. Қатерлі дертке қарсы отандық препаратты жасаушылар екпе алғандар арасында бірқатар зерттеу жүргізіп, олардан антиденелердің жоғары деңгейін анықтаған. Олар вирустың үш түрі, соның ішінде үндістандық үлгісін бейтараптандыруға қауқарлы деп танылды. Антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 90% астамында анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл сынақтар зертханалық жануарларға жүргізілген, егілген түрлері ауру жұқтырмаған.

Еске салайық, QazVac-ты еліміздің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген. Олардың тәжірибесінде 60-тан астам дәрі, оның ішінде 30 вакцина бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов