Қазақстанда соңғы тәулікте 1450 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 1450 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1450 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - 589 адам - Алматы қаласында анықталды. Елордада  - 502, Алматы облысының 69 тұрғынынан инфекция табылды. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 319 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 9700-ден аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 962 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 321 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион  921 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.