Ералы Тоғжанов: ДДҰ-да QazVac вакцинасын тіркеудің үшінші деңгейі биыл жүзеге асады

Ералы Тоғжанов: ДДҰ-да QazVac вакцинасын  тіркеудің үшінші деңгейі биыл жүзеге асады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын биыл жыл соңында тіркеуі мүмкін.  Бұл туралы  Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты. Бұл үшін Республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

«Былтыр іс жүзінде 7 айдың ішінде Қазақстанды ұлттық реттеушінің екінші деңгейіне шығардық. Бұл фактіні біздің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкестігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқаны жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша,  вакцинаның I компонентін 9 млн 471 –мыңнан жоғары, ал II компонентті 9 млн 200 мыңнан  аса адам салдырды.  Ал ревакцинациядан өткен қазақстандықтар саны 3 млн 600 мыңнан асты.