Ермек Мұратұлы 15 жылдан бері ата-анасын іздеп жүр | Ел бағдарламасы

Ермек Мұратұлы 15 жылдан бері ата-анасын іздейді. Бірақ, қанша іздестіргенімен анасын таба алмаған. Ермек 1990 жылы Арқалық қаласының перзентханасында дүниеге келген. Анасы босана сала баласын тастап кетеді. Ермек балалар үйінде тәрбиеленеді. Анасын іздеп таба алмаған соң, біздің бағдарламадан көмек сұрап келді. Журналистік іздестіру барысында табылған кісілердің Ермектің туған ата-анасы екеніне көз жеткізу үшін ДНК сынамасы алынды.