Ермек Тұрсынов: Мақсатымыз – «Еуразия» кинофестивалі байқауын жұмыс алаңына айналдыру

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі отандық және шетелдік кино туындыларды кеңге танытып, насихаттаумен қатар, саланың басы-қасында жүрген белді мамандар, актерлер мен режиссерлер, жалпы киноөндіріске қатысы бар деген тұлғалардың басын қосатын дәстүрлі диалогтық алаңға айналып отыр. Бағдарламамыздың бұл шығарылымында аталмыш халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті, танымал кинорежиссер, сценарист, жазушы, Қазақстанның кинематографистері одағының Басқарма төрағасы Ермек Кәрімжанұлы Тұрсыновпен әңгімелесетін боламыз.

Сұхбат барысында «Еуразия» кинофестивалінің болашағы мен түпкі мақсаты, сондай-ақ отандық киноиндустрия мен жас режиссерлер туралы айтылады.