Есімі Еуропаға танымал қазақстандық суретші

Қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаева өз туындыларында модерн мен медиа-өнер элементтері бар графикалық дизайнды қолданады. Оның еңбектерінен көшпенділер мен шығыс халықтарының мәдениеті байқалады. Ол – жаңа технологияларды пайдалана отырып, аңыздар мен бүгінгі өмірді, пейзаж бен адамды, сәулет пен жануарлар әлемін үйлестіру қазақстандық өнерді жаңаша әрі бірегей өнер ағымдарында таныту үлес қосып жүрген бірден бір суретші.

Алмагүл Меңлібаева – елімізде, сондай-ақ шет елдерде сұранысқа ие заманауи суретшілердің бірі. Ол көптеген ірі ұлтаралық көрмелерге белсенді қатысады. Отандасымыздың шығармашылығы шетелде жақсы танымал. Оның туындылары әлемнің ең ірі галереяларында, соның ішінде Милан, Берлин, Париж, Сидней және Амстерамда жиі ұсынылады. Оның туындылары шетелдік және отандық жеке коллекционерлердің қолында. Қазір «Тарлан» және «Дарын» сыйлықтарының иегері Германияның Берлин қаласында тұрып, жұмыс істейді. «Қандай елде жүрсем де туған жерімді, Алматыны ұмытпаймын», - дейді суретші.