Есіңде ме, қазақтың Ақбаяны?

Есіңде ме, қазақтың Ақбаяны?

«Төрлетіңіз» бағдарламасының кезекті шығарылымы ҚР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваны еске алуға арналады. Ерекше дауысты әншінің әндері мен өмір жолы қайта жаңғырып, қонақтар оның өнері мен ізгілігін сөз етеді.

Әншінің сахнадағы әр қадамы, әр айтқан сөзі – тек қана өнерге деген шексіз махаббаттың көрінісі. Бағдарлама барысында көрсетілген бейнежазбалар мен суреттер әншінің сахнадағы және өмірдегі жарқын сәттерін тағы бір еске түсірді.