Есірткіге қарсы қойылымның тұсаукесері өтті
Елордада есірткіге қарсы «S.O.S» драмалық қойылымның премьерасы өтті. Туынды жазушы, драматург Мәдина Омарованың шығармасына негізделген. Ал, көрерменнің басым бөлігі жастар. Ұйымдастырушылардың да мақсаты өскелең ұрпақты нашақорлық торынан сақтау. Қойылым «Астана – есірткісіз қала» акциясы негізінде сахналанды.

