Ежелгі қала – Самарқан
Біздің заманымызға дейін VII ғасырда Соғды мемлекетінің Марақан қаласы болған. Ол кезде өркениет дамып, тіршілік қайнап жатқан. Ал бүгінде тек қалдықтарды байқауға болады. Алайда ғасырлар өтіп, шахар атауын ауыстырғанымен, бұл өңір өз дамуын тоқтатқан жоқ. Бүгінде ол әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі – Самарқан.
Самарқан сан ғасырлық ғұмырында сан мәрте құлдырады да, қайта қалпына келіп отырды. Ұлы Жібек Жолы дәуірінде Парсы, Қытай, Үнді елдерінен шығатын сауда керуендерінің тоғысатын нүктесі дәл осы жер еді.
Әлем тарихында өздерінің атын қалдырған Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Әмір Темір сияқты қолбасшылар алып империяларының астанасын осы шаһар қылған еді.
Бүгінде Самарқан – ежелгі тарихи жәдігерлері сақталған, рухани және материялдық құндылықтары жойылмаған қала ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне еніп отыр.