Ежелгі көшпенділер бедеулікті емдеудің қандай әдісін қолданған?
Баяғы заманның алғашқы дәрігерлері абыздар, бақсы-шамандар және дін қызметкерлері болған. Олар науқас адамды сауықтыру үшін әр түрлі әдет-ғұрыптар жасаған. Дәл солай көшпенділердің өз емшілері болған. Әйтсе де қазақ медицинасы – көшпенділер тарихындағы аз зерттелген саланың бірі. Сондықтан болар оның айналасындағы құпиялар мен жұмбақтар әлі де көп. Неліктен Азияда қауіпті эпидемиялар болмаған? Басқа елдермен салыстырғанда ауру жұқтырғандар пайызы анағұрлым төмен болған. Ауруды емдеудің ежелгі қауіпті әдістері туралы не білесіз? Сынапты медициналық бағытта пайдаланғандары рас па? Көшпенділер емдік шөптер туралы не білген? Бедеулікті емдеудің ежелгі әдісі қанадай? Көшпенділердің қандай емдеу әдістері әлі күнге дейін қолданылып келеді? Бұл көкейкесті сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.