«Фиксиктер» мультфильмі сурдоаудармамен Jibek Joly телеарнасында

«Фиксиктер» мультфильмі сурдоаудармамен Jibek Joly телеарнасында

Азия елдерінде COVID-19 қайта өршіді. Гонконгта наурыз айының ортасында ковид жұқтыру деңгейі – 1,7 пайыз болса, кейінгі 2 айда – 11,4 пайызға жеткен. Сингапурда 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында індет жұқтырғандар алдыңғы аптамен салыстырғанда 28 пайызға артқан. Ал Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай көңілге қонымды ма? Вируспен күресуің ең тиімді жолы қандай? Сарапшы жауап берді.

Қазақстан медиа нарығындағы тың жоба! Енді Jibek Joly телеарнасында «Фиксиктер» мультфильмі сурдоаудармамен көрсетіледі. Бұл есту және сөйлеуінде шектеуі бар балалардың сауатын ашып, оларға арналған қолжетімді контент қатарын толықтырады. Қазақ контентін сурдоаудармамен беруде қандай ерекшелік бар? Жобаның маңызы неде?

Ақша жинай аласыз ба? Кіріс-шығысты есептеу неліктен маңызды? Қалай қажетті қаржымызды жинап аламыз? Несиесі бар азаматтар қатары неге артып келеді? Қаржыгер жауап берді.

Қайтарымсыз грант – кәсіп ашуға мүмкіндік. Кәсіпкелерге мемлекеттен қандай көмек бар? Гранттар туралы не білуіміз керек? Кәсіп ашамын десеңіз нені есте ұстаған жөн? Бүгін айтамыз!

19 мамыр – рубик текшелері күні. Спидкубинг деген не? Рубик текшелерінің қандай түрлері бар? Құрастыру алгоритмінің құпиясы неде? Рекордсмендер жауап берді.

Әлем елдерінде трендке айналған қазақстандық әндер. Қоңыр үнімен көпшілікті сүйсінткен дзюдошы бала. «Балқадиша» әнін шырқаған жас спортшының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Атыраулық Исамен сұхбатты тамашалаңыз!

Сондай-ақ, студияда Мөлдір Мұқан қонақта. Айтар жаңалығым көп деген танымал тұлға ән саласына бет бұрдым дейді. ММ өнер орталығында қандай жаңалықтар бар? «Шәй» фильмі қашан көрермен назарына ұсынылмақ? Әнші ретінде Мөлдір Мұқанның берген алғашқы сұхбатын Бүгін.Live-тан көре аласыздар!