Галина Дураченко: Бір тілде сөйлеген халықтың жаны бір

Галина Дураченко – еліміздегі белсенді жастардың өкілі. Ол қоғам дамуына елеулі үлес қосатын мамандықты меңгеруде.

Галина интернационал отбасында дүниеге келген. Әкесі – жартылай орыс, жартылай украин, анасы – қазақ. Бала кезімнен нағашы атасының қолында өскен, сол кісінің тәрбиесін алған. Сондықтан да қазақ тілін жақсы біледі. Қазақ тіліне деген махаббат бойына ана сүтімен сіңді деп айтуға да болады. Әкесі де, анасы да Қазақстанда туып-өскен. Галина – Семей қаласының тумасы. Сондықтан болар, Абай, Мұхтар, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларын бойына сусындап өскен. Мектеп қабырғасынан бастап қазақ тілінен әртүрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысып жүріп жүлделі орындар ие болып, жаңа достар тапқан. Қазақ тілінің арқасында көптеген мүмкіндік ашқан. Өйткені қай халықтың, қай ұлттың тілін білсең, сол мәдениетке жақын боласың, сол адамдарды жетік түсіне білесің деген ойды қолдайды. Себебі бір тілде сөйлеген халықтың жаны бір.