Ғасырлар қойнауына экскурсия
Корея Республикасының азаматшасы Минген Шин Алматы қаласымен танысуын жалғастыруда. Алматылық Закир ұйымдастырған қаладағы қызықты серуен кезінде достарын Алматы мұражайына алып келді. Ежелгі артефактілер, тарихи құжаттар, ғалымдардың айғақтары мен ұлы адамдардың жеке заттары біздің қаламыздың тарихын толықтырып, ерекшелендіре түседі. «Өткенді білмей, қазіргі уақытты түсіну қиын» деп есептейді «Сәлем, Қазақстан!» тележобасының кейіпкерлері Минген мен оның серігі Закир.