Халықаралық банктер Қазақстандағы жаңа жобаны қаржыландырады
Қазақстанда алтын кенін өңдейтін ірі өндіріс кешені салынады. Оған Solidcore Resources компаниясы халықаралық қаржы институттарынан 600 миллион доллар инвестиция тартты. Бұл елімізде өндірілген шикізатты өзімізде өңдеп, қосылған құнның басым бөлігін ел ішінде сақтауға мүмкіндік береді.

