Испания жағалау күзеті 50-ге жуық мигрантты құтқарды

Испания жағалау күзеті 50-ге жуық мигрантты құтқарды

Испания жағалау күзеті 50-ге жуық мигрантты құтқарды. Қайыққа отырған босқындар Гран-Канария аралының жағалауынан табылған. Қазіргі таңда олар Аргинегин портына жеткізіліп, тексеруден өтіп жатыр.

Өткен жылы Испания аумағынаға 22 мыңнан аса мигрант заңсыз өтпек болған. Негізінен бұл Африка елдерінің азаматтары. Walking Borders құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 2021 жылы шамамен төрт жарым мың босқын, оның ішінде ондаған бала теңізде суға кетіп, өлім құшқан.