Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Ислам ғалымдары осы аят пен хадистерге сүйене отырып, кімде-кімнің құлшылығы, дұға-тілегі мың айдан да қадірлі қадір түніне, сол сәтке сәйкес келетін болса мың ай құлшылық жасағандай, бәлкім одан да көп сауапқа кенеледі деп тұжырымдама жасаған. Демек, бұл түні көбірек құлшылық жасауға, Алладан біліп және білмей істеген күнәлар үшін тәубе етіп кешірім сұрауға, көбірек Құран оқуға, Пайғамбарымызға салауаттар айтып күн батқаннан таң атқанға дейін уақытты құлшылықпен өткізуге ден қою қажет.