Қайтыс болған адамдарды бір орынға жерлеуде қандай сыр бар?
Батыс Қазақстан кешенді этно-археологиялық экспедициясының жетекшісі, профессор Серік Ескендірұлы Әжіғали Ақтөбе облысының тарихи орындарын бірге аралап қайтуды ұсынды. Бір қарағанда Ақтөбе облысы шетте жатқан өңір сияқты болып көрінеді, ал шын мәнінде олай емес. Ол әуе, теміржол және автокөлік жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан және қазіргі кезде жаңа Жібек жолы аталып отырған транспорттық дәліздің бір бөлшегі ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл аймақта пайдалы қазбалар шығатын 350-ге жуық кен орны бар. Қазіргі кезде Ақтөбе облысы Қазақстанның экономикасына елеулі үлес қосып отырған өлке.