Қарақат Әбілдина: сахнадағы 25 жыл
«Жақсы адамдарым» бағдарламасының бұл саны – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, сахнада жүргеніне 25 жыл болған Қарақат Әбілдинаға арналады.
Бағдарлама барысында көрермен әншінің шығармашылық жолына көз жүгіртіп, сахнадағы алғашқы қадамынан бүгінгі жетістіктеріне дейін танысады. Сондай-ақ, Қарақат Әбілдинаның өнердегі ұстанымы, отбасы, ана ретіндегі рөлі және өмірлік құндылықтары туралы әңгіме өрбиді. Әншінің жақындары мен әріптестері оның балалық шағы мен өнердегі еңбегі жайлы естеліктерімен бөлісті. Толығырақ осы шығарылымда!

